31.03.2008, 13:25 4332

Шардара су қоймасы баяу толтырылып жатыр

Шардара су қоймасы баяу толтырылып жатыр

Шымкент. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Шардара су қоймасы баяу толтырылып Сырдарияға құйылып жатқан су көлемі 100 текше метрге дейін азайтылды. Бұл туралы агенттік тілшісіне "Югводхоз" РМК суды пайдалану бөлімінің бастығы Айгүл Омарова хабарлады.

Биылғы жылы бізде су тапшылығы байқалады. Шардара су қоймасына құйылып жатқан су баяу жылдымдықпен ағуда. "Достық " арнасына да су көлемі жеткіліксіз", - деп хабарлады Айгуль Омарова.

Бүгінде су қоймасындағы көлем 5 млрд 189 млн текше метр суды құрайды. Ал жоспар бойынша 5 млрд 400 млн текше метр суға толтыру керек. (Су қоймасының жобалық сыйымдылық көлемі 5 млрд 400 млн текше метр. Жоғары көрсеткіші 5 млрд 500 млн текше метр).

Бүгінгі күні су қоймасына секундына 209 текше метр су қосылып жатса, Сырдария арнасына тасталып жатқан су көлемі секундына 100 текше метрді құрайды. Ал Қызылқұм арнасына секундына 60 текше метр су қосылуда.

"Қызылқұм арнасына бүгінде секундына 80 - 100 текше метр су қажет. Алайда, су қоймасының баяу толуына орай, ондай көлемде суды жіберуге мүмкіндік болмай отыр. Сондықтан секундына 60 текше метр ғана су тасталып отыр ", -деп түсіндірді А. Омарова.

"Достық арнасы арқылы да су көлемі аз көлемде жіберіліп отыр. Секундына 80 текше метр су қажет болса, Өзбекстан 60-70 текше метр көлемін ғана беріп отыр", - деп хабарлады А. Омарова.

"Югводхоз"РМК мәліметтері бойынша, Өзбекстан аумағындағы Арнасай ойпатына биылғы жылы қазақстан жағы 960 млн текше метр суды жіберді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны