12.02.2008, 16:12 4124

Шардара су қоймасына құйылып жатқан су көлемі азайды

Шардара су қоймасына құйылып жатқан су көлемі азайды

Шымкент. 12 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Шардара су қоймасына құйылып жатқан су жылдамдығы төмендеп, су көлемі азайды. Бұл туралы агенттік тілшісі АМК "Югводхоз" хабарлады.

"Бүгінде су ағыны секундына 1279 текше метрді құрайды, бұл өткен күндермен салыстырғанда 150 - 200 текше метрге кем", - деп хабарлады бас маман Айгуль Омарова.

Бүгінде су қоймасындағы көлем 4 млрд 98 млн текше метр суды құрайды. Сырдария арнасына тасталып жатқан су көлемі секундына 700 текше метрді құраса, Қызылқұм арнасына секундына 10 текше метр, Арнасай ойпатына секундына 300 текше метр су құйылады.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, өткен аптада үкімет делегациясын бастап барған ҚР ауыл шаруашылық су ресурстары комитетінің төрағасы Анатолий Рябцев Сырдария арнасындағы су көлемін азайту мәселесі бойынша Қырғызстан және Өзбекстанмен келіссөздер жүргізген болатын. "Қазір су қоймасына құйылып жатқан су секундына 1400 - 1500 текше метрді құрайды. Алдағы 5-6 күнде оның көлемін 1200 текше метрге дейін азайтуымыз керек ", -деді сол кезде А. Рябцев.

Шардара су қоймасының жобалық көлемі - 5,4 млрд текше метр. А. Рябцевтың сөздері бойынша, оның бақылау деңгейі 4,8 млрд текше метр суды құру керек. Бұл шұғыл жағдайларда қосымша сиымдылық көлемін пайдалануға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны