04.05.2008, 12:19 2686

Шардара су қоймасына құйылып жатқан су көлемі былтырғы жылдан он есе кем

Шардара су қоймасына құйылып жатқан су көлемі былтырғы жылдан он есе кем

Шымкент. 4 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Шардара су қоймасына секундына 67 текше метр су құйылып жатыр. Былтырғы жылы оның көлемі он есеге артық болатын. Бұл туралы агенттік тілшісіне "Югводхоз" РМК суды пайдалану бөліміндегілер хабарлады.

"Бүгінде су қоймасындағы су көлемі 4 млрд 611 млн текше метр болса, Сырдария сағасына тасталып жатқан су секундына 450 текше метрді құрайды. Ал Қызылкұм арнасына секундына 35 текше метр су құйылып жатыр ", -деп хабарлады бөлім қызметкері.

"Сырттан келіп жатқан су жоқ. Өткен жылы да су көлемі мардымсыз болған, бірақ мамырдың басында су қоймасына секундына 598 текше метр су құйылған", -деп толықтырды өз сөзін маман.

"Югводхоз" бөлімінде хабарлағанындай, бүгінгі күні Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан жағынан су беру көлемінің ұлғайтылу мүмкіндігі белгісіз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны