03.03.2008, 12:31 8850

Шардара су қоймасынан шығарылатын су көлемі секундына 500 текше метрге азайды

Шардара су қоймасынан шығарылатын су көлемі секундына 500 текше метрге азайды

Шымкент. 3 наурыз. "Қазақстан бүгін" -Шардара су қоймасынан тасталынатын су секундына 700 ден 500 текше метрге дейін азайтылып, су көлемі бақылау деңгейіне жеткізілді. Бұл туралы агенттік тілшісіне "Оңтүстік су шаруашылығы" РМК суды пайдалану бөлімінде хабарлады.

Бөлім қызметкерлерінің айтуынша, бүгінде су қоймасына құйылып жатқан су ағыны секундына 1478 текше метрді құрайды. Ал Сырдарияға 500 текше метр су тасталса, Қызылқұм арнасына-100, Арнасайға-секундына 370 текше метр су толып жатыр. Шардара су қоймасындағы су көлемі 4 млрд 806 млн текше метрді құрады.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, ҚР ТЖМ министрі Владимир Божко көктемде су қоймасында бақылау су көлемін 4 млрд 800 млн текше метрге дейін азайту керек, " бұл төтенше жағдайларда бірнеше күнде әрекет жасауға мүмкіндік береді ", деп мәлімдеген болатын.

Су қоймасының жобалық көлемі 5 млрд 400 млн текше метр.

ОҚО ТЖ департаментінің мәліметтері бойынша, Сырдарияда сең жүріп жатыр. Мұздардың жиналуынан су деңгейі Шеңгелді ауылындағы қорған бөгеніне дейін көтерілді.

"Бөгелген мұз онша көп емес және бөген маңындағы су тереңдігі 30-40 сантиметрді құрайды. Біздің пікірімізше, бөген суды одан әрі жібермейді, ал егер су кетіп қалса онда артында екінші бір бөген бар ", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны