19.08.2008, 18:16 2954

Шардара су қоймасындағы судың көлемі "ең төменгі қалдық" деңгейінен де түсіп кетті

Шардара су қоймасындағы судың көлемі "ең төменгі қалдық" деңгейінен де түсіп кетті

Шымкент. 19 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Шардара су қоймасындағы судың көлемі "ең төменгі қалдық" деңгейінен де түсіп кетті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Оңтүстік су шаруашылығы" РМК мамандарына сілтеме жасай отырып.

"Қазіргі уақытта су қоймасындағы су көлемі 1 млрд текше метр деңгейінде есептелетін "ең төменгі қалдық" деңгейінен де азайып, 873 млн текше метрді құрап отыр", - деп хабарлады "Оңтүстік су шаруашылығы" РМК.

Су қоймасына су секундына 61 текше метр болып ағып келсе, одан секундына 100 текше метр болып ағып кету үстінде.

Мамандардың айтуынша, "ең төменгі қалдық" су қоймадағы судың сапасы сақталынатын деңгейді есептей отырып анықталған. Одан төмендей беретін болса, су қоймасындағы су түске боялып, бұзылып, балық жүзе алмай қалады. "Бір жылы суды 500 млн текше метрден де азайтқан. Сонда "Шардара" су қоймасында су емес, лас балшық қалған", - деді агенттік тілшісіне қариялардың бірі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны