24.08.2006, 17:14 3050

Шардарада ауыз су тапшылығы салдарынан төтенше жағдай қалыптасты-Рябцев

ШЫМКЕНТ. 24 тамыз. Kazakhstan Today. Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары жөніндегі комитет төрағасы Анатолий Рябцевтың пайымдауынша, Шардарада (Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының орталығы) ауыз су тапшылығынан төтенше жағдай қалыптасты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жуырда Шардарадағы жағдайды өз көзімен көріп қайтқан А.Рябцев,"Шардараны сумен қамтамасыз ету мәселесі өзгеріп қана қоймай, тым нашарлап кеткен ",-деп мәлімдеді. "Жергілікті басшылар тез арада төтенше жағдай жариялап, мердігерді жұмысынан босатып, орнына жаңа мердігер табуға тиіс. Олай болмаса бұл аймақ балалардың ВИЧ инфекциясына шалдығуынан да зор кесірге тап болады", деді ол.

Қазіргі кезде ауыз су механикалық тазалаудан да өтпей , бірден су қоймасынан тартылуда. Ал, қоймадағы су көлемнің аздығынан су ластанып, гүлдей бастаған, оған қоса насостар балдыр мен құмдарды тартып алып жатыр.

Осыған дейін хабарланғандай, "Таза су" бағдарламасына сәйкес, Шардарада су тазарту қондырғысын орнату және су айналымын жасауға арналған жобаның жүргізіліп жатқанына төртінші жыл болды. Алайда, бұл мәселеге қаражат бөлінгенімен мердігер фирмалар мәселені шешетін түрі жоқ . Жергілікті басшылар қалыптасқан жағдайға мойын бұрар емес.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны