12.09.2007, 17:47 3300

Шардараның бұрынғы әкімі пара алу үстінде ұсталды - ҰҚКД

Шардараның бұрынғы әкімі пара алу үстінде ұсталды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 12 қыркүйек. ШЫМКЕНТ. Оңтүстік Қазақстан облысында Шардара қаласының бұрынғы әкімі пара алу үстінде ұсталды. Бл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Сегізінші қыркүйекте Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің жедел-тергеу тобы Шардара қалысының бұрынғы әкімін өзінің жұмыс орнында пара алу үстінде ұстады",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Баспасөз хатшысының ақпараттарына сүйенсек, бұрынғы әкім 40 мың теңге көлеміндегі ақшаны Шардараның тұрғынынан дүкен салуға жер телімін бөлу үшін бопсалаған.

Аталмыш дерек бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментініңтергеу басқармасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 311-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта ұсталған азамат облыс прокурорының санкциясымен тұтқындалып, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің тергеу изоляторында отыр.

Агенттік тілшісіне белгілі болғандай, қылмыс үстінде ұсталғаннан кейін адвокат тұтқындалған азаматтың оқиға болған күннен үш күн бұрын - 2007 жылдың 5-қыркүйегінде қала әкімінің лауазымынан босатылғандығы туралы анықтама ұсынған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны