07.08.2008, 10:04 1417

Шаруалардың басты міндеті елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету - Рахмон

Шаруалардың басты міндеті елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету - Рахмон

Душанбе. 7 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Шаруалардың басты міндеті елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Аграрлық секторды дамыту мәселелері жөніндегі Тәжікстанның республикалық семинарының барысында Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон осындай пікір білдірді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Осы мақсатқа жету үшін біз қолда бар барлық ресурстарды пайдаланып, елдің аграрлық секторының тұрақты дамуын қамтамасыз етуіміз қажет", - деді Э. Рахмон.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінен хабарлағандай, Э. Рахмон Тәжікстан Республикасының Ауыл шаруашылық академиясының мәліметтеріне сүйене отырып, елде астық дақылдарын себетін алқапты ұлғайту мүмкіндігінің жоқтығын атап көрсеткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны