28.09.2018, 13:19 5020

Шекара қызметінде "Тіл шебері" байқауы өткізілді

"Мәдениеттаным", "Өнертаным" және "Ұлттаным" атты үш кезеӊнен тұратын байқауда әскери қызметшілердіӊ білімділігі жан-жақты талқыға түсті.

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 25 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметініӊ тәрбие, әлеуметтік-кадрлық жұмыстары бас басқармасыныӊ ұйымдастыруымен Қазақстан халқыныӊ тілдер күні аясында және Елбасы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ үштұғырлы тіл жөніндегі бастамасын Шекара қызметінде іске асыру мақсатында"Тіл шебері" байқауы өткізілді.

Байқауға қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меӊгергенШекара қызметі бірлестіктерінде, құрамалары мен әскери бөлімдерінде өткізілген осындай байқаулардыӊ 9 жеӊімпазы қатысты.

"Мәдениеттаным", "Өнертаным" және "Ұлттаным" атты үш кезеӊнен тұратын байқауда әскери қызметшілердіӊ білімділігі жан-жақты талқыға түсті.

"Қазылар алқасыныӊ" төрайымы Қазақстан Республикасы Президентініӊ жанындағы Мемлекеттік басқару академиясыныӊ Тілдік құзыреттілік секторыныӊ меӊгерушісі Төленбергенова Нәзигүл Тұрысбекқызы және мүшелері Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шетел тілдерініӊ теориясы мен тәжірибесі кафедрасыныӊ профессоры, педагогика ғылымдарыныӊ кандидатыЖусупова Роза Флюровна, ҚР ҰҚК Кадрлар департаменті 11-басқармасыныӊ бастығы, ұ.қ. майоры Бейбітов Тимур Қалмақанұлы сайыстыӊ төрелігін айтып, ақ-қарасын айырып, әділ бағаларын берді.

Бірнеше сағатқа созылған байқауда жүлделі орындар келесідей бөлінді:1 орынды- 2032 әскери бөлімі "Булаево" бақылау өткізу пунктініӊ аға бақылаушысыкапитан Добычина Ольга Васильевна иеленді, 2 орынды- 2021 әскери бөлімі тәрбие және әлеуметтік-құқықтық және идеологиялық жұмыстары бөлімі бастығыныӊ көмекшісіефрейтор ИмреноваГүлмира Төлегенқызы алды, ал 3 орынды - 2177 әскери бөлімі аралас авиациялық эскадрильясы авиациялық жасағыныӊ кеме командирініӊ көмекшісіаға лейтенант ШиряевАлексей Владимирович бұйырды.

"Қазылар алқасыныӊ" төрайымы байқауға қатысқан барлық қатысушыларға алғыс хаттарын, ал жүлделі орындарға ие болған әскери қызметшілерге мақтау қағаздарымен сыйлықтардытабыс етті.

Үш тілділіктіӊ қоғам өміріндегі орныныӊ зор екендігін паш еткен шара соӊы Шекара қызметі Директорыныӊ орынбасары полковник Жұмабеков Дәулет Бекежанұлыныӊ сайысқа қатысушыларға және әділ-қазылар алқасыныӊ мүшелеріне ризашылығын білдірумен және естелік суреттерге түсумен аяқталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны