29.10.2015, 10:35 3765

Шекара сақшысы жүйткіген пойыздағы шекара бұзушыны бірден байқады

ҚР ҰҚК Шекара қызметі "Оӊтүстік" өӊірлік басқармасыныӊ Сарыағаш шекара отрядында (қазақ - өзбек шекарасы), екі елдіӊ арасындағы бірігіп күзетілетін аумақта қазақстандық шекарашыныӊ қырағылық танытып, дер кезінде хабар беруініӊ арқасында шекара бұзушы Өзбекстан аумағында қолға түсті

Астана. 29 Қазан. Kazakhstan Today - ҚР ҰҚК Шекара қызметі "Оӊтүстік" өӊірлік басқармасыныӊ Сарыағаш шекара отрядында (қазақ - өзбек шекарасы), екі елдіӊ арасындағы бірігіп күзетілетін аумақта қазақстандық шекарашыныӊ қырағылық танытып, дер кезінде хабар беруініӊ арқасында шекара бұзушы Өзбекстан аумағында қолға түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Айта кету керек, бұл аумақтыӊ күзеті екі ел арасында жоспарлы түрде өзара бірігіп жүзеге асырылады. Сондай екіжақты іс-шаралардыӊ жемісі ретінде кеше (28.10.15 ж.) орын алған оқиғаны мысалға келтіре кетуге болады.

Сағат 16.55-те "Сарыағаш" шекара заставасынан 6 шақырым қашықтықта, "ақ көпір" аумағында тұрған шекара сақшысыныӊ қырағы көзі елімізден Өзбекстанға қарай жүйткіп бара жатқан жүк пойызыныӊ вагондарыныӊ арасында жасырынған белгісіз адамды қалт жібермеді. Шекарашы бірден радиостанция арқылы заставаға хабар беріп, әрі қарай өзбек жағы да дер кезінде құлақтандырылды. Осындай екіжақты жедел ұйымдастырылған іс-шаралардыӊ нәтижесінде Мемлекеттік шекараны бұзушы Өзбекстан аумағында бар-жоғы 15 минуттыӊ ішінде қолға түсті. Шекара бұзушыныӊ кім екендігін, шекараны заӊсыз өту себебін көршілер анықтайтын болады.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны