17.02.2015, 16:37 3580

Шекарадағы тәулік тынысы

Өткен тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар мемлекеттік шекарадан заӊсыз түрде мал және әртүрлі тауарды алып өтпек болғандардыӊ жолын кесті

Алматы. 17 ақпан. Kazakhstan Today - Өткен тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар мемлекеттік шекарадан заӊсыз түрде мал және әртүрлі тауарды алып өтпек болғандардыӊ жолын кесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақ-қырғыз шекарасында орналасқан Тараз шекара отрядына қарасты "Гродеково" заставасыныӊ шекара наряды қызмет барысында елімізге қарай өткен жылқы іздерін байқайды. Заставаныӊ жеке құрамы "Қарулан" командасы бойынша көтеріліп, із кесуге шығады. Жылқы іздері оларды "Октбярьское" аулындағы Қырғыз көшесіндегі үйге келеді. Аталған үйдіӊ ауласын қараған кезде ол жерден электронды ені жоқ 23 жылқы табылды.

Аталған дерек бойынша Жамбыл облысыныӊ Жамбыл аудандық прокуратурасы тергеу амалдарын жүргізуде.

Жоғарыда аталған заставаныӊ шекарашылары қызмет барысында шекара түбінде жасырын жатқан, иесі жоқ 3 центнердей болатын құс етін тапты. Шекара нарядыныӊ жүргенін байқаған белгісіз адамдар көршілес мемлекеттіӊ аумағына барып жасырынды.

Еліміздіӊ шығысындағы "Қорғас" бақылау-өткізу бекетініӊ бақылаушылары жалпы салмағы 1,3 центнер болатын балық өнімдерін өткізбек болған 17 жасар Қытай елініӊ азаматын ұстады. Оныӊ Қытай жеріне қарай кетіп бара жатқан машинасын қарау кезінде одан сазан, көксерке, кета балықтары табылды.

Аталған деректер бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылып, ұсталған жүк кеден бекетініӊ фитосанитарлық қызметіне берілді.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны