02.02.2016, 11:50 3844

Шекарадан асырмақ болған тас

Қытай шекарасынан қазақстандық салмағы 5 кг болатын "нефрит" тасын денесіне таӊып алып өтпек болыпты

Астана. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан - Қытай шекарасынан қазақстандық салмағы 5 кг болатын "нефрит" тасын денесіне таӊып алып өтпек болыпты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қорғас" шекаралық бақылау отрядыныӊ шекара наряды біздіӊ елімізден Қытайға қарай жаяу өтіп бара жатқан 29 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. Ұсталған азаматты жеке тексеру барысында оныӊ сырт киімініӊ астынан денесіне таӊылған "нефрит" тастары табылды. Табылған тастардыӊ жалпы салмағы 5 килограмм.

Ұсталған азамат туралы құқық қорғау органдары құлақтандырылды. Тексеру жүргізілуде.



ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны