08.08.2008, 16:41 2804

Шекаралық өңірлер басшыларының V халықаралық форумын Ақтөбеде өткізуге арнап 2,6 млрд астам теңге бөлінді

Шекаралық өңірлер басшыларының V халықаралық форумын Ақтөбеде өткізуге арнап 2,6 млрд астам теңге бөлінді

Ақтөбе. 8 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Шекаралық өңірлер басшыларының V халықаралық форумын Ақтөбеде өткізуге арнап 2,6 млрд астам теңге бөлінді. Бұл туралы Ақтөбе әкімі Серік Нокин алдағы форумға дайындық барысымен танысу үшін өңірге келген үкіметтік инспекциямен кездесу кезінде журналистерді құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Аталған соманың 1,5 млрд теңгесі республикалық, 500 млн теңгесі - облыстық және 300 млн теңгесі - қалалық қазынаның қаржысы. Бұл қаражаттың басым бөлігі жолдарды жөндеуге жұмсалды", -деді әкім.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 21-22 қыркүйекте Ақтөбеде Қазақстан және Ресей президенттерінің қатысуымен Шекаралық өңірлер басшыларының V халықаралық форумы өтеді. Оған 800-ден астам делегат қатысады.

Ақтөбедегі форумда азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік мәселелері талқыланып, екі елдің ірі кәсіпкерлерінің бизнес-форумы мен тауар өндірушілердің көрмесі өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны