08.06.2012, 16:09 3306

Шекарашы Челахтың туысқандары мемлекеттік қорғаушыны қаламай, өз қорғаушыларын ұсынбақ

Искери қызметшілерді өлтірді деп айып тағылған шекарашы Владислав Челахтың туысқандары Қарағандыдан Алматыға қарай ұшақпен шықты, ол жерден Талдықорғанға бармақ.

Астана. 8-маусым. Kazakhstan Today - Шекарашы Челахтың туысқандары мемлекеттік қорғаушыны қаламай, өз қорғаушыларын ұсынбақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Искери қызметшілерді өлтірді деп айып тағылған шекарашы Владислав Челахтың туысқандары Қарағандыдан Алматыға қарай ұшақпен шықты, ол жерден Талдықорғанға бармақ.

"Бізге "ұлдарыңызбен кездестіреміз", деп ауызша уәде берілді ", деді жұмада телефон арқылы "Интерфакс-Қазақстанға" В.Челахтың анасы - Светлана Ващенко.

Оның айтуынша, Талдықорғанда олар тергеушіден туысқандардың бірінің қоғамдық қорғаушы болуына рұқсат сұрамақ.

Сонымен қатар туысқандары ресейлік БАҚ-ның назарын Челахтың тағдырына аудартпақ. Анасының айтуынша, олар Андрей Малаховтың "Пусть говорят" бағдарламасына қатыспақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны