24.05.2016, 11:35 4371

Шекарашы офицердіӊ ерлігі

Осы жылдыӊ 23-мамыр күні шекарашы, майор Рысдаулетов Мақсат Мырзаханұлы түскі астан келе жатып, жол бойындағы көп қабатты үйдіӊ төртінші қабатынан шығып жатқан өртті байқайды. Түтін арасынан терезені ұрғылап тұрған екі кішкентай - бір қыз бен бір ер бала да аӊғарады

Астана. 24 мамыр. Kazakhstan Today - Осы жылдыӊ 23-мамыр күні шекарашы, майор Рысдаулетов Мақсат Мырзаханұлы түскі астан келе жатып, жол бойындағы көп қабатты үйдіӊ төртінші қабатынан шығып жатқан өртті байқайды. Түтін арасынан терезені ұрғылап тұрған екі кішкентай - бір қыз бен бір ер бала да аӊғарады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ойлануға уақыт жоқ, шекарашы жүгіріп төртінші қабатқа көтерілді. Келсе есік жабық. Ары-бері жұлқылап көріп еді, есіктіӊ ашылар түрі байқалмайды. Амалсыздан көршілердіӊ есігін қағып шықты. Есігін ашқан бір көршіге өрт болып жатқандығын, есіктіӊ ашылмай тұрғандығын, өрт ішінде екі баланыӊ қалғандығын, мүмкін болса балкон арқылы өткісі келетіндігін айтады. Мұндай кезде кім қарсы болсын, көрші келісімін берісімен, шекарашы офицер балкон арқылы өтіп, өрттіӊ арасынан балаларды іздеп тауып, оларды балконға алып шықты. Сөйтті де өзі өрт машинасы келгенше тілсіз жауды өшіруге кірісті.

Арада сүт пісірімдей уақыт өткенде балалардыӊ анасы да келіп, есікті ашты. Аман-сау отырған балаларын көргенде анасыныӊ қуанышында шек болмады. Шекарашы офицерге шексіз алғысын білдірді.

ҚР ҰҚК ШҚ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны