03.12.2013, 19:23 3039

Шекарашылар 1,5 тонна киім-кешекті Қырғызстаннан Қазақстанға өткізбек болған жасөспірімді ұстады

Осылайша, жасөспірім жалпы салмағы 1,5 тонна болатын киім-кешекке толтырылған 20-дан астам қанар қапшықтарды Қырғызстаннан Қазақстанға өткізуге тырысты.

Алматы. 03 желтоқсан. Kazakhstan today. Мемлекеттік шекара сызығынан 50 метр жерде жүрген 16 жастағы қазақстандықты Қордай шекара отряды "Сортобе" заставасының шекара наряды ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл кезде мемлекеттік шекараны бұзушы жасөспірім өткізу бекетінен тыс жерде халық тұтынатын тауарларды тиеп жатқан болатын.

Осылайша, жасөспірім жалпы салмағы 1,5 тонна болатын киім-кешекке толтырылған 20-дан астам қанар қапшықтарды Қырғызстаннан Қазақстанға өткізуге тырысты.

Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары хабарландырылып, тергеу амалдары жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны