28.06.2016, 11:42 3590

Шекарашылар 1 гектар қарасора егістігін анықтады

Елімізде жүргізіліп жатқан "Көкнәр" сауықтыру іс-шарасыныӊ аясында "Шыӊғырлау" шекара заставасыныӊ (Батыс Қазақстан облысы) шекарашылары заставадан 2,5 шақырым қашықтықта иесіз жатқан қарасора (есірткілік өсімдік) алқабын анықтады

Астана. 28 маусым. Kazakhstan Today - Елімізде жүргізіліп жатқан "Көкнәр" сауықтыру іс-шарасыныӊ аясында "Шыӊғырлау" шекара заставасыныӊ (Батыс Қазақстан облысы) шекарашылары заставадан 2,5 шақырым қашықтықта иесіз жатқан қарасора (есірткілік өсімдік) алқабын анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған дерек Ақпаратты тіркеу кітабына тіркеліп, құқыққорғау органдары хабарландырылды. Алдағы уақытта акимат, ішкі істер бөлімі, төтенше жағдайдайлар бөлімшесі өкілдерінен құрылған комиссия шешімі бойынша аталған алқап жойылатын болады.

ҚР ҰҚК Шекара қызметініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны