03.09.2015, 14:36 4272

Шекарашылар 70 килограм "Гербалайф" өнімін ұстады

Еліміздіӊ оӊтүстігінде орналасқан "Сарыағаш-теміржолы" бақылау-өткізу бекетініӊ (Оӊтүстік Қазақстан облысы) шекара наряды "Сарыагаш - Келес" бағытында келе жатқан жүк пойызына қызметтік "Зевс" атты иттіӊ көмегімен шекаралық бақылау жасау кезінде оныӊ жартылай жабық вагонына жасырылған 7 қорапты тапты

Астана. 3 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Еліміздіӊ оӊтүстігінде орналасқан "Сарыағаш-теміржолы" бақылау-өткізу бекетініӊ (Оӊтүстік Қазақстан облысы) шекара наряды "Сарыагаш - Келес" бағытында келе жатқан жүк пойызына қызметтік "Зевс" атты иттіӊ көмегімен шекаралық бақылау жасау кезінде оныӊ жартылай жабық вагонына жасырылған 7 қорапты тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Иесіз жатқан жүкті тексеру барысында адам салмағына әсер ететін "Herbalife" өнімін анықтады.

Жалпы салмағы 70 килограмм болып шықты. Ал құны шамамен 6 млн. теӊгеге жуықтайтын аталған өнімніӊ иесін анықтауға бағытталған іс-шаралар басталды. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Икімшілік-құқықбұзушылық кодексініӊ 548-бабыныӊ 1-тармағы бойынша рәсімделді.

Тиісті құқыққорғау органдары хабарландырылды.

Осыған ұқсас тағы бір дерек 28.08.2015 жылы анықталғандығын еске сала кетелік. Онда да осы "Сарыағаш" бақылау-өткізу бекетінде "Herbalife" фирмасыныӊ өнімі ұсталып, оныӊ салмағы 50 кг құраса, жалпы құны 4 млн. теӊгеге жеткен еді.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны