03.12.2018, 22:09 8606

Шекарашылар Елбасы кітапханасына мәдени сапарға барып қайтты

Шара барысында қонақтардыӊ назарына Ресейдіӊ белгілі жазушы-публицисі, танымал журналисі Леонид Млечинніӊ "Избранный временем" атты жаӊа деректі фильмі ұсынылды.
Астана. 3 желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері еліміздің Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Астана қаласының көркіне айналған ұлтымыздың рухани орталығының бірі ҚР Тұңғыш Президенті -Елбасы кітапханасына мәдени сапарға барып қайтты.

Шекарашыларды жылы қарсы алған кітапхана директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Қайыпова Ботагөз Мұттахиденқызы Елбасының өмірі, тарихи миссиясы, Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына сіңірген ерен еңбегі туралы мазмұнды да мағыналы әңгімелеп берді. Шара барысында қонақтардың назарына Ресейдің белгілі жазушы-публицисі, танымал журналисі Леонид Млечиннің "Избранный временем" атты жаңа деректі фильмі ұсынылды.

Кеш соңында ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары полковник Дәулет Бекежанұлы Жұмабеков Ботагөз Мұттахиденқызына Шекара қызметі басшылығының атынан алғыс сезімін білдіріп, тарту-таралғылар ұсынды.

Шара Отан қорғаушылар үшін өте танымды болды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны