17.12.2018, 15:51 5945

Шекарашылар елімізге алкоголь заттарыныӊ заӊсыз кіруіне, елімізден халық тұтынатын тауарлардыӊ заӊсыз шығуына тосқауыл болды

36 жастағы қырғызстандықтыӊ Тойота грания (минивэн) автокөлігінен ешқандай рұқсат қағазсыз, жалпы салмағы 400 кг тартатын 19 қап балық, 400 литрлік 2 бөшкедегі касторка майын, әртүрлі көлемдегі 90 қорап медициналық заттар мен Қазақстанда жасалған дәрі-дәрмектерді анықтады.

Астана. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - Шекарашылар өткен тәулікте елімізге 180 литрден астам алкоголь заттарыныӊ заӊсыз кіруіне, елімізден 400 кг-ға жуық балық пен тағы басқа да халық тұтынатын тауарлардыӊ заӊсыз шығуына тосқауыл болды.

Оӊтүстік шекараныӊ Қордай шекара отрядына қарасты "Қордай-авто" өткізу бөлімшесінде шекара наряды көрші мемлекеттен келе жатқан 29 жастағы қазақстандықтан 0,7 литрлік 48 шөлмектегі (жалпы көлемі - 33,6 л.) коньяк, әрқайсысы 1,5 литрлік 36 шөлмекте (87,6 литр) сыра;21 жастағы Қазақстан азаматынан 0,5 литрлік 60 шөлмек (30 литр) арақ; "Қарасу-авто" бөлімшесінде 43 жастағы қырғызстандықтан 0,7 литрлік 48 шөлмек (33,6 литр) арақ тәркілеп, актімен Жамбыл облыстық Мемлекеттік кіріс басқармасына тапсырды.

Тағы да сол "Қордай-авто" бөлімшесініӊ шекара наряды біздіӊ елден шығып бара жатқан 36 жастағы қырғызстандықтыӊ Тойота грания (минивэн) автокөлігінен ешқандай рұқсат қағазсыз, жалпы салмағы 400 кг тартатын 19 қап балық, 400 литрлік 2 бөшкедегі касторка майын, әртүрлі көлемдегі 90 қорап медициналық заттар мен Қазақстанда жасалған дәрі-дәрмектерді анықтады. Алынған заттар да актіленіп, Жамбыл облыстық Мемлекеттік кіріс басқармасына тапсырылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны