13.01.2016, 12:48 3983

Шекарашылар елімізге кіргізбек болған ірі көлемді героинныӊ жолын кесті

Лезде келіп жеткен дабыл тобы № 102 шекара бағанасыныӊ маӊынан ақ түсті пакет тапты. Пакеттіӊ ішінен әрқайсысы қағазға оралып, скотчпен байланған 3 түйіншек шықты. Сараптама қорытындысы бойынша табылған заттыӊ салмағы 2 кг 995 гр. болатын "героин" есірткісі екендігі анықталды.

Астана. 13 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қордай шекара отрядыныӊ "Аксу" шекара заставасыныӊ аумағында (қырғыз-қазақ шекарасы) кеше, сағат 12.50-де радиотосқауыл дабылы застава аумағынан 18 км қашықтықтан белгі берді. Дәл сол маӊда жүрген шекара сақшысы тұман арасынан көрші елдіӊ аумағынан біздіӊ елге қарай кіріп келе жатқан бейтаныс адамды байқаған кезде, ол да шекарашыны байқап үлгеріп, қолындағы затын тастай қашып, Қырғыз Республикасыныӊ аумағына кіріп, бой тасалап үлгерді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Лезде келіп жеткен дабыл тобы № 102 шекара бағанасыныӊ маӊынан ақ түсті пакет тапты. Пакеттіӊ ішінен әрқайсысы қағазға оралып, скотчпен байланған 3 түйіншек шықты. Сараптама қорытындысы бойынша табылған заттыӊ салмағы 2 кг 995 гр. болатын "героин" есірткісі екендігі анықталды.

Бұл оқиғадан 50 минут бұрын, осы отрядтыӊ "Қордай авто" бөлімшесінде "Сайған" атты қызметтік иттіӊ көмегімен көрші елден біздіӊ елге қарай жаяу келе жатқан 1989 г.р. туған қырғыз азаматы салмағы 2 грамм болатын гашиш есірткісімен ұсталған болатын. Бұл азамат айғақтық затымен бірге Қордай аудандық ішкі істер бөлімініӊ есірткімен күрес бөліміне тапсырылған.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны