24.01.2019, 19:28 11871

Шекарашылар елімізге заӊсыз жолмен енгізілмек болған темекі мен алкоголь өнімдерініӊ жолын кесті

63 жастағы қазақстандық ұсталды. Ол өзініӊ жекеменшік автокөлігімен Қырғызстаннан біздіӊ елімізге әртүрлі, жалпы көлемі 55 литр арақ және 300 қорап темекі өнімдерін ешқандай рұқсат қағаздарынсыз алып өтпек болыпты.

Астана. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қордай шекара отрядыныӊ "Қордай-авто" өткізу бөлімшесінде 63 жастағы қазақстандық ұсталды. Ол өзініӊ жекеменшік "Тойота Превия" автокөлігімен Қырғызстаннан біздіӊ елімізге әртүрлі, жалпы көлемі 55 литр арақ және 300 қорап темекі өнімдерін ешқандай рұқсат қағаздарынсыз алып өтпек болыпты.

Дәл осы тексеріп-өткізу пункітінде 46 жастағы қазақстандық ұсталды. Бұл жолы ұсталған адамныӊ "Мицубиси Паджеро" көлігінен 38,2 литр, әртүрлі алкоголь өнімдері табылды. Заӊсыз тауар актіленіп, Қордай ауданы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасыныӊ қызметкерлеріне тапсырылды.

Аталған отрядтыӊ "Қарасу-авто" өткізу бөлімшесінде 26 жастағы қырғызстандық ұсталды. Ол өзімен бірге 1080 кг бал алып келе жатқан екен. Ешқандай рұқсат құжаттары болмағасын бал актіленіп, Қордай ауданыныӊ ветеринарлық-санитарлық қызметіне тапсырылды

Қостанай шекара отрядыныӊ "Желқуар-авто" өткізу бөлімшесінде өзініӊ "Лада Ларгус" автокөлігімен Ресейден келе жатқан 50 жастағы Қазақстан азаматшасы елімізге 172 блок, әртүрлі темекі өнімдерін, акциздік маркасыз алып өтпек болған. Заӊсыз тауар актіленіп, Жітіқара ауданы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасыныӊ қызметкерлеріне тапсырылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны