04.06.2015, 18:35 4501

Шекарашылар Каспийдіӊ байлығын қорғады

Биылғы жылы сәуірдіӊ 23-нен бастап мамыр айына дейін Каспий теӊізінде Ресей шекарашыларымен бірге біріккен жедел-сауықтыру іс-шаралары өткізілді

Астана. 04 Маусым. Kazakhstan Today - Биылғы жылы сәуірдіӊ 23-нен бастап мамыр айына дейін Каспий теӊізінде Ресей шекарашыларымен бірге біріккен жедел-сауықтыру іс-шаралары өткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оныӊ нәтижесі бойынша қазақстандық шекарашылар Каспий теӊізінде заӊсыз жүрген 29 жүзу құралы мен 230 заӊ бұзушыларды ұсталды. Олардан 3246 данадан астам бекіре балығын, 71 060 метр балық аулайтын құрал тәркіленді.

Браконьерлерге қатысты қылмыстық істер қозғалып, оларға 1 миллион 645 мыӊ 060 теӊге айыппұл салынды.

Еліміздіӊ Каспий теӊізіндегі шекарасын нығайтуға мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ тарапынан үлкен көӊіл бөлінуде. Осы сөзіміздіӊ айқын бір дәлелі ретінде, жақында Ақтау қаласында Шекара қызметініӊ "Жағалау күзеті" басқармасыныӊ сапына жаӊа шекара кемесініӊ берілгендігін атап өткен орынды. Кемеге әскери теӊіз туын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетініӊ төрағасы Нұртай Ибіқаев салтанатты жағдайда тапсырды. Сол күні "Қарағанды" деп аталатын жаӊа кеме шекера шебін күзетуге аттанды.



ҚР ҰҚК Шекара қызметініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны