03.12.2018, 22:42 10820

Шекарашылар Өзбекстанға 120 кг жуық дәрі-дәрмек алып өтпек болған төрт салтаттыны ұстады

Шекарашылардыӊ бірі қызметтік қаруынан (Калашников автоматынан) аспанға қарай екі рет, ескерту оғын атқан кезде ғана салтаттылар тоқтап, қолдарын көтерді. Төрт түк толған дәрі-дәрмек болып шықты.

Астана. 3 желтоқсан. Kazakhstan Today - Түнде атылған оқ контрабандашыларды тоқтатты

Оӊтүстік шекараныӊ "Леӊгір" комендатурасына қарасты "Тұрбат" заставасыныӊ шекарашылары сағат 00.00-дер шамасында қызметтік иттіӊ және түнде көретін дүрбініӊ көмегімен салтатты 3 қазақстандық азаматты ұстады. Олар 4 үлкен түкті өӊгеріп алып Өзбекстан жаққа қарай кетіп бара жатты. Арғы бетте күтіп тұрған тағы екі адамныӊ қарасы көрінді. Күтпеген жерден пайда болған шекарашыларды көре салып арғы беттегілер өз аумақтарына тереӊдеп кіріп кетті де, бергі жағындағылар түктерін лақтырып, аттарына қамшы басты. Шекарашылардыӊ бірі қызметтік қаруынан (Калашников автоматынан) аспанға қарай екі рет, ескерту оғын атқан кезде ғана салтаттылар тоқтап, қолдарын көтерді. Төрт түк толған дәрі-дәрмек болып шықты. Салмағы 120 кг-ға жуық. Өзбекстандық әріптестерге хабар берілді. Ұсталғандар айғақ заттарымен құқық қорғау орындарына тапсырылды.

Дәрі-дәрмек демекші...

Зайсан шекара отрядына қарасты "Майқапчағай" өткізу пункітініӊ шекара наряды 30 қарашада, сағат 16.30-дар шамасында "Үрүмжі - Зайсан" бағытындағы жолаушылар автобусын тексеру барысында, 1983 жылы туған қазақстандық азаматашаныӊ қол жүгінен рұқсат қағаздарынсыз, жалпы салмағы 11,4 кг қытай дәрі-дәрмегін тауып, акітілеп, Майқапшағай кеден бекетіне тапсырды.

Астана әуежайында да дәрі-дәрмек...

"Астана" шекаралық бақылау отрядыныӊ шекарашылары сағат 20.05-те КС-103 "Астана-Киев" әуе рейсімен ұшпақшы болған 1959 жылғы қазақстандық азаматтан 64 ампула "VIPERA LEVETANA" (Гюрзаныӊ уы) дәрісін тауып, тәркіледі, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны