27.07.2018, 15:16 2183

Шекарашылар салмағы 5 кг тартатын кептірілген марихуананы Алматыға әкеле жатқан азаматты ұстады

Ұсталған азаматтыӊ айтуы бойынша ол есірткіні Алматы қаласында саудалауға алып бара жатқан екен. Қазіргі уақытта оныӊ ісімен аудандық полиция бөлімі айналысуда, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Астана. 27 шілде. Kazakhstan Today - "Қорғас" шекаралық бақылау отрядыныӊ шекарашылары 48 жастағы қазақстандық азаматшадан ешқандай құжатсыз, жалпы салмағы 118 кг болатын жартылай өӊделген ет өнімдерін, нақтырақ айтсақ, үйрек етін тәркіледі. Тәркіленген ет актіленіп, "Алтынкөл" кеден бекетіне тапсырылды.

Сондай-ақ, шекара наряды қызмет барысында, аумақтан иесіз жатқан, жалпы салмағы 721 кг жүк тауып алды. Тексере келе, жүктіӊ ішіндегі бұйымдар төсек жаймалары екендігі анықталды. Иесіз мүлік актіленіп, ол да "Алтынкөл" кеден бекетіне тапсырылды. Жүктіӊ иесі сол бойы табылмады.

Бұдан басқа, жылдағыдай биыл да өткізіліп жатқан бірлескен "Көкнәр - 2018" жедел алдын алу шаралары тағы бір нәтиже берді. "Қордай" шекара отрядыныӊ "Бетқайнар" шекара заставасыныӊ шекарашылары Қордай ауданыныӊ ІІБ есірткімен күрес бөлімініӊ қызметкерлерімен бірлесе отырып, "Мерседес-Бенц" көлігінде аудан орталығынан Алматыға қарай жол тартқан 1977 жылы туған қазақстандық азаматты ұстады.

Оныӊ жол сөмкесінен салмағы 5 кг тартатын кептірілген марихуана есірткісі табылды. Ұсталған азаматтыӊ айтуы бойынша ол есірткіні Алматы қаласында саудалауға алып бара жатқан екен. Қазіргі уақытта оныӊ ісімен аудандық полиция бөлімі айналысуда, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны