25.05.2015, 11:14 3592

Шекарашылар Сарыағашта заӊсыз жүрген 428 өзбек азаматын анықтады

Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымына мүше-мемлекеттердіӊ заӊсыз көші-қонға, адам саудасына қарсы тұру туралы шешіміне сәйкес осы жылдыӊ 18-23 мамыр аралығында елімізде "Нелегал-2015" жедел-сауықтыру іс-шаралары өткізілді

Астана. 25 Мамыр. Kazakhstan Today - Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымына мүше-мемлекеттердіӊ заӊсыз көші-қонға, адам саудасына қарсы тұру туралы шешіміне сәйкес осы жылдыӊ 18-23 мамыр аралығында елімізде "Нелегал-2015" жедел-сауықтыру іс-шаралары өткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған мерзім ішінде Шекара қызметініӊ "Оӊтүстік" өӊірлік басқармасына қарасты "Сарыағаш" шекара отрядыныӊ әскери қызметшілері жергілікті құқыққорғау органдарымен бірлесе отырып Қазақстан Республикасыныӊ көші-қон заӊдылығын бұзып жүрген шетел азаматтарын анықтау іс-шарасын жүргізді.

Нәтижесінде, аталған отрядтыӊ әскери жауынгерлері елімізде құжаттары дұрыс емес, заӊсыз жүрген Өзбекстан Республикасыныӊ 428 азаматын ұстады.

Ұсталғандардыӊ барлығы жергілікті ішкі істер органдарына тапсырылды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны