02.12.2018, 13:30 4513

Шекарашылар спирттік ішімдіктерін рұқсат құжаттарынсыз елге алып кірмекші болған ресейлік азаматты ұстады

Оныӊ көлігінен ешқандай рұқсат құжаттарынсыз, шамамен 200 000 теӊгеніӊ спирттік ішімдіктері табылды. Тауар актіленіп, Қордай ауданы бойынша мемлекеттік кіріс департаментініӊ өкілдеріне тапсырылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Астана. 2 желтоқсан. Kazakhstan Today -Шекарашылар жуырда көліктіӊ тіркелгендігі туралы қолдан дайындалған куәлікпен және жалған мемлекеттік нөмірімен елімізге кірмек болған қазақстандық азаматты, 200 000 теӊгеніӊ спирттік ішімдіктерін рұқсат құжаттарынсыз алып кірмекші болған ресейлік азаматты ұстады.

"Солтүстік" Өӊірлік басқармасыныӊ "Семей" шекаралық бақылау отрядына қарасты "Үбе авто"өткізу бөлімшесінде Ресейде сатып алынған "Хонда Одиссей" автокөлігімен елге қайтып келе жатқан 22 жастағы қазақстандық ұсталды.

Азаматты ұстауға себеп болған - көліктіӊ тіркелгендігі туралы қолдан дайындалған куәлік және жалған мемлекеттік нөмір. Ұсталған жігіт көлігімен бірге Шемонаиха аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды.

"Оӊтүстік" Өӊірлік басқармасы "Қордай" шекара отрядыныӊ "Қарасу авто" өткізу бөлімшесінде шекарашылар "Джип Гранд" автокөлігімен Қырғызстаннан біздіӊ елге қарай кіріп келе жатқан 33 жастағы ресейлікті ұстады.

Оныӊ көлігінен ешқандай рұқсат құжаттарынсыз, шамамен 200 000 теӊгеніӊ спирттік ішімдіктері табылды. Тауар актіленіп, Қордай ауданы бойынша мемлекеттік кіріс департаментініӊ өкілдеріне тапсырылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны