30.10.2015, 09:32 3503

Шекарашылардыӊ кәсіби "күдікшілдігі" ауыр науқасты дер кезінде анықтауға көмектесті

Шекара қызметініӊ "Ақтөбе" шекара отрядына қарасты "Жайсаӊ авто" тексеріп-өткізу бекетінде, кеше (2015 жылғы 29 қазан) түнгі сағат бірдіӊ шамасында "Шымкент - Нижний Новгород" бағытымен келе жатқан автобустағы бір жолаушы шекарашылардыӊ еріксіз назарын аударды.

Астана. 30 Қазан. Kazakhstan Today - Шекара қызметініӊ "Ақтөбе" шекара отрядына қарасты "Жайсаӊ авто" тексеріп-өткізу бекетінде, кеше (2015 жылғы 29 қазан) түнгі сағат бірдіӊ шамасында "Шымкент - Нижний Новгород" бағытымен келе жатқан автобустағы бір жолаушы шекарашылардыӊ еріксіз назарын аударды. Қимыл-қозғалысы тым сылбыр, өзіне қойылған сұраққа жауап беруге шамасы жоқ, қалтасындағы құжатын әреӊ шығарып берді. Төлқұжаты бойынша ол 1989 жылы туған Жаишид есімді өзбекстандық азамат екендігі анықталды. Дегенмен, шекарашылардыӊ күдігі сейілмеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Өйткені, есірткі барондары кейбір адамдарды "тірі контейнер" ретінде қолданатындығы белгілі. Ішіне жұтып алған есірткісі жарылып кетіп, талай адамныӊ жол-жөнекей қайтыс болғандығы да белгілі. Жоғарыдағы жолаушыныӊ жай-күйі осындай оқиғаларды еске түсірді. Автобус жүргізушісі де бұл жолаушыныӊ жол бойы автобустан түспегендігін, тамақ ішпейтіндігін айтты. Күдік тіпті ұлғая түсті.

Шекарашылар күдікті жолаушыны алып автобустан алып қалып, Жайсаӊ елді мекенініӊ учаскелік дәрігерін шақыртты. Дәрігер жолаушыныӊ менингит ауруына шалдыққандығын анықтады. Халқымызда "Ауруын жасырған өледі" деген сөз бар. Егер шекарашылар болмағанда, өзініӊ ауыруын жасырып, ұзақ жолға кетіп бара жатып жолаушыныӊ жағдайы не болар еді. Нижний Новгородқа жете алар ма еді?!

Қазір науқас Ақтөбе облысыныӊ Мартөк ауылындағы аудандық орталық ауруханада емделуде. Сауығып шыққан соӊ өзін ажалдан арашалап қалған шекарашыларға алғыс айтатындығына біз де сенімдіміз.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны