07.03.2019, 18:29 15873

Шекарашылар ұнға жасырылған 6 тонна насыбай тауып тәркіледі

Құжаттары бойынша бұл көліктерде ұн тиелген болуы тиіс еді. Бірінші қатардағы қаптардың ішінде шынымен де ұн болып шықты. Алайда ол тек арғы жағындағы жасырын жүктің бетін бүркемелеу үшін ғана пайдаланылған екен.

Астана. 7 наурыз. Kazakhstan Today - "Жағалау күзеті" Өңірлік басқармасының Атырау шекара отрядына қарасты "Құрмангазы-авто" тексеріп-өткізу пінктінің шекара наряды Атырау - Астрахань бағытымен жол жүріп бара жатқан екі бірдей "ГАЗ3022" автокөліктерін (жүргізушілері 46 және 35 жастағы ресейліктер) тексеру барысында әрқайсысынан 90 қаптан, жалпы саны 180 қап, салмағы 6 тонна болатын заңсыз насыбай темекі өнімін тауып алды.

Құжаттары бойынша бұл көліктерде ұн тиелген болуы тиіс еді. Бірінші қатардағы қаптардың ішінде шынымен де ұн болып шықты. Алайда ол тек арғы жағындағы жасырын жүктің бетін бүркемелеу үшін ғана пайдаланылған екен. Ұсталған көлік жүргізушілері көліктерімен және жүктерімен бірге Құрманғазы аудандық полиция бөліміне тапсырылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны