28.10.2018, 13:52 4060

Шелекте тұӊғыш эксперименттік көкөніс қоймасы пайда болды

Бұл көкөніс қоймасы Қорға қойманыӊ табыстылығын бағалап, фермерлерге тура осындай қоймаларды өз шаруашылықтарында салуды ұсынуға мүмкіндік береді.

Алматы. 28 қазан. Kazakhstan Today - Еӊбекшіқазақ ауданы Жергілікті қауымдастықтар қорыныӊ күшімен Агробизнес орталығыныӊ базасында биыл жалпы ауданы 240 текше метрге теӊ, 35 тонна көкөніс өнімін сақтауға болатын эксперименттік көкөніс қоймасы салынды. Бұл көкөніс қоймасы Қорға қойманыӊ табыстылығын бағалап, фермерлерге тура осындай қоймаларды өз шаруашылықтарында салуды ұсынуға мүмкіндік береді.

"Көктемде біз фермерлеріміздіӊ шаруашылықтарында 15 жылыжайдыӊ салынғандығы жайлы айтқан болатынбыз. Дегенмен, көкөністердіӊ басым бөлігі ашық топырақта өсіріліп жатыр. Сондықтан өсірілген көкөністерді сақтау мәселесі аса өзекті болып қала беруде. Агробизнес орталығы базасында биыл біз көкөніс қоймасын салдық. Биыл тауар түрлерін кеӊейтіп, жөнелтілетін тауар көлемін ұлғайттық - жаӊа піскен көкөністіӊ 167 тоннасын сата алдық, ал бұл өткен жылға қарағанда 67%-ға көбірек. Бұл - аса керемет нәтиже, сондықтан сатып алушыларға тауарды аса тартымды бағада ұсынғанымызға қуаныштымыз. Сондықтан биыл тұӊғыш мәрте қызанақ пастасын, соус, кетчуптарды шығаратын "Цин-Каз" ЖШС қайта өӊдеуші кәсіпорнымен ынтымақтаса бастадық. Біз өз ісімізді дамытудыӊ жаӊа көкжиектерін көріп отырмыз, ал жеткен нәтижелеріміз ауданымыздыӊ фермелерініӊ көӊіліне шабыт ұялатып отыр",- дейді Еӊбекшіқазақ ауданы Жергілікті қауымдастықтар қоры атқарушы директоры Елшібаева Бақытгүл.

Күз - бұл егін жинайтын кезеӊ, тек қана көкөніс-жемісті ғана емес, сонымен бірге бір жыл ішінде атқарылған маӊыздыӊ істерді қорытындылайтын мезгіл. Биыл жоба аясында оныӊ ары қарайғы дамуы мен өсуіне жағдай жасайтын бірнеше айтулы оқиғалар орын алды: көкөніс қоймасы салынып, Шелекке агро-тур ұймдастырылды, атқарып отырған жұмыс халықаралық деӊгейде мойындалып, METRO Cash & Carry желісінде жалпы сомасы 23 миллион теӊгеден аса фермерлік өнімдер өткізіле бастады.

Тұтынушылар көкөністі оныӊ табиғи өсіп шығатын жаз-күз мезгілінде ғана емес, сондай-ақ, маусым арасында, яғни қыста және ерте көктемде сатып алғысы келеді. Көкөністердіӊ сауда нүктелерінде бүкіл жыл бойы сатылып жатқандығы екі жолмен қамтамасыз етіліп отыр: жемістер жылыжайда өсіріледі немесе арнайы жабдықталған қоймаларда сақталады.

Фермерлердіӊ өнімі тұтынушыларға қолжетімді әрі жақын болуы үшін "Шелек фермерлері" кооперативі жаӊа піскен әрі экологиялық өнімдерін өткізуге арналған арналарды кеӊейтіп отыр. 2015 жылдан бастап фермерлік өнімді өткізуге өз сауда алаӊдарын ұсынып отырған "Арзан" супермаркеттер желісіне биыл тағы да бірі ірі ритейлер - "METRO Cash & Carry" қосылып отыр.

Осыған дейін фермерлер жылына ауылшаруашылық өнімдердіӊ орташа есеппен 100 тоннаға жуығын өткізіп келген болса, енді 2018 жылы 23 миллион теӊгеден аса сомаға теӊ 167 тонна өнім өткізілді. Кооперативтіӊ келесі жылға арналған мақсаттарыныӊ бірі - Қазақстанныӊ басқа өӊірлеріне өнімді өткізу.

"Біздіӊ компанияныӊ миссиясы - бизнес үшін еӊ үздік серіктеске айналу. METRO жұмыс жасап жатқан 25 елдіӊ барлығында біз шағын және орта бизнес өкілдеріне, атап айтқанда, ел экономикасыныӊ басты қозғалтқышы болып отырған жергілікті тауар өндірушілеріне қолдау көрсетеміз. Фермерлік шаруашылықтармен мұндай ынтымақтастығымыз сауда желілеріндегі отандық мазмұнды ұлғайтуға өз үлесін қосып қана қоймай, сонымен бірге, елімізде салауатты тамақтану мәдениетін дәріптеуге көмектеседі", - дейді "МЕТРО Кэш энд Керри" ЖШС операциялыққызметбөлімініӊбастығыАртур Янушевский.

"Біз биыл өнім түрлерін кеӊейтіп, жөнелтілетін тауар көлемін ұлғайттық: биыл біз жаӊа піскен көкөністіӊ 167 тоннасын сата алдық. Бұл - аса керемет нәтиже, сондықтан сатып алушыларға тауарды аса тартымды бағада ұсынғанымызға қуаныштымыз. Сондықтан биыл тұӊғыш мәрте қызанақ пастасын, соус, кетчуптарды шығаратын "Цин-Каз" ЖШС қайта өӊдеуші кәсіпорнымен ынтымақтаса бастадық. Біз өз ісімізді дамытудыӊ жаӊа көкжиектерін көріп отырмыз, ал жеткен нәтижелеріміз ауданымыздыӊ фермелерініӊ көӊіліне шабыт ұялатып отыр", - дейді "Шелек фермерлері" ИКК төрағасы Марат Мансұров.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны