24.12.2008, 10:38 1597

Шетелде маман даярлау жөніндегі республикалық комиссияның қорытындысына сәйкес 425 үміткерге "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылданды

Шетелде маман даярлау жөніндегі республикалық комиссияның қорытындысына сәйкес 425 үміткерге "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылданды

Астана. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның қорытындысына сәйкес 425 үміткерге "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ақордада кеше Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның мәжілісі болып өтті.

Отырысты аша отырып, мемлекеттік хатшы: "Президент Нұрсұлтан Назарбаев тағайындаған "Болашақ" стипендиясы тағайындалған уақыттан бергі 15 жыл ішінде 4500 адам Қазақстан Республикасы президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды. Бүгінгі таңда 1500 стипендия түлегі елге оралып, еліміздің үкіметі, экономикасы мен мәдениеті саласында қызмет етуде. Осылайша, мемлекет басшысының "Болашақ" бағдарламасы елімізді дамудың сапалы жаңа деңгейіне көтеруге және әлемнің дамыған және бәсекеге қабілетті мемлекеттерінің қатарына енгізуге қабілетті табысты серпінді жобалардың бірі болып отыр. Сондықтан да президент осы мәселеге баса назар аударады және Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияға, әсіресе, "Болашақ" бағдарламасының стипендиаттары мен бітірушілерінің сапасына қойылатын талаптарды күшейтеді",- деп атап өтті.

Бүгінгі комиссия отырысының қарауына "Болашақ" халықаралық стипендиясына 509 үміткердің жеке ісі шығарылды. Олардың ішінен 203 адам магистратура, 265 адам бакалавриат, 2 адам докторантура, 9 адам - клиникалық ординатура бағдарламалары бойынша оқуға және 30 адам ғылыми тағылымдамадан өтуге өтініш берген. Үміткерлердің көпшілігі Ұлыбритания, Ресей, Германия және АҚШ мемлекеттерінің білім ордаларына оқуға өтініш білдірген.

Үміткерлер экономика, ақпарат, ақпараттық жүйелер, геоақпараттық жүйелер технологиясы, мемлекеттік саясат, қаржы, халықаралық құқық, биотехнология, мұнайгаз инжинирингі және медициналық мамандықтарды көп таңдаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны