26.09.2008, 18:46 7907

Шетелде мамандар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның қорытындысына сәйкес 68 үміткерге "Болашақ" стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылданды

Шетелде мамандар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның қорытындысына сәйкес 68 үміткерге "Болашақ" стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылданды

Астана. 26 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Шетелде мамандар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның қорытындысына сәйкес 68 үміткерге "Болашақ" стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ақордада бүгін Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті мәжілісі болып өтті.

Мәжілісті аша отырып, мемлекеттік хатшы "Биылғы жылы "Болашақ" өз мерейтойын атап өтетіндігін, бағдарламаға 15 жыл толатындығын атап өтті: "1993 жылы 5 қарашада президент Нұрсұлтан Назарбаев өз шешімін "Бізге Қазақстанды алға бастайтын қазіргі заманға сай ойлай алатын адамдар қажет деп" қысқа да, анық түсіндіре отырып "Болашақ" стипендиясын тағайындады". Бүгінде біз бағдарлама өз дегеніне жетті деп айта аламыз. Қазір "болашақтықтар" мемлекеттік қызметте және жеке бизнесте маңызды орындарды иемденген, бірақ еліміз олардан бұдан да үлкен қайтарымды күтуге құқылы.

Комиссия отырысының бүгінгі қарауына "Болашақ" халықаралық стипендиясына 76 үміткердің жеке ісі шығарылды. Олардың ішінен 31 адам магистратура, 45 адам бакалавриат бағдарламалары бойынша оқуға өтініш берген.

Үміткерлердің көпшілігі Ұлыбритания, Ресей, Украина, АҚШ және Малайзия мемлекеттерінің білім ордаларында оқуға өтініш білдірген.

"Экономика", "Ақпарат, ақпараттық жүйелер, геоақпараттық жүйелер технологиясы", "Энергетика", "Халықаралық құқық", "Қаржы" және "Мемлекеттік саясат" мамандықтары неғұрлым қажетті мамандықтар болып отыр.

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның қорытындысына сәйкес 68 үміткерге "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылданды.

2008 жылғы "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін конкурсқа құжаттар қабылдау мерзімі квота бойынша ағымдағы жылғы 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны