26.10.2006, 13:12 3315

Шетелдердің қатысуымен құрылған кәсіпорындардағы шиеленістерді шешуге шетелдік инвесторлардың кеңесі шара қолдануға тиіс - "Аймақ" депутаттық тобының жетекшісі

АЛМАТЫ. 26-қазан. Kazakhstan Today. "Аймақ" депутаттық тобының жетекшісі Дариға Назарбаеваның пайымдауынша, шетелдік инвесторлардың кеңесі шетелдердің қатысуымен құрылған кәсіпорындардағы шиеленістерді шешуге шара қолдануға тиіс, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі. "Шетелдердің қатысуымен құрылған кәсіпорындардағы шиеленістердің себебін анықтап, оларды шешуге шетелдік инвесторлардың кеңесі шара қолдануға тиіс деп мәлімдейміз", деді "Аймақ" депутаттық тобының жетекшісі Дариға Назарбаева Теңіздегі оқиғаға берген түсініктемесінде.

АЛМАТЫ. 26-қазан. Kazakhstan Today. "Аймақ" депутаттық тобының жетекшісі Дариға Назарбаеваның пайымдауынша, шетелдік инвесторлардың кеңесі шетелдердің қатысуымен құрылған кәсіпорындардағы шиеленістерді шешуге шара қолдануға тиіс, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Шетелдердің қатысуымен құрылған кәсіпорындардағы шиеленістердің себебін анықтап, оларды шешуге шетелдік инвесторлардың кеңесі шара қолдануға тиіс деп мәлімдейміз", деді "Аймақ" депутаттық тобының жетекшісі Дариға Назарбаева Теңіздегі оқиғаға берген түсініктемесінде.

"Кейінгі кездері қоғамда көбінесе шетелдік инвесторларға қарасты кәсіпорындарда түрлі күрделі шиеліністі оқиғалар көбейіп келеді",- деді Д.Назарбаева. "Тек биыл ғана Атырау облысында жергілікті тұрғындар мен сырттан келген жұмысшылардың арасында үш мәрте жаппай төбелес болды",- деді ол.

Депутаттың пікірінше, бұл биліктің де, саяси күштердің де алаңдаушылығын тудырмай тұра алмайды. "Бірақ өкінішке орай билік тарапынан обьективті баға мен талдау негізінде дер кезінде мұндай оқиғаға жауап қатылмай отыр",- деп мәлімдеді Д.Назарбаева. Оның айтуынша, "ресми мекемелер ақпаратты там-тұмдап таратып, тігісін жатқызып барып, бәр нәрсені "тұрмыстық себеппен болған" деген сылтауға апарып теліп отыр".

Өз тарапынан "Аймақ" депутаттық тобының жетекшісінің пікірінше, шиеленістердің туындауына еңбек заңнамасын бұзу, қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғау талаптарын бұзу, әлеуметтік проблемаларды шешуге жеткілікті назар аудармау, жергілікті және шетелдік қызметерлердің жалақсының арасындағы айырмашылық себепкер. "Қазақстандағы барлық кәсіпорындарда халықаралық еңбекақы төлеу мен еңбек қорғау, сондай-ақ, қауіпсіздік техникасын сақтау стандарттары енгізілуге тиіс",- деді Д.Назарбаева.

Депутат "Аймақ" депутаттық тобы тарапынан шетелдіктерге қарасты кәсіпорындарда жалдамалы қызметкерлердің құқығын заңмен қорғауды күшейту қажеттігі жөніндегі мәселені бұған дейін де талай көтергенін еске салды. "Елімізде жұмыс істеп жатқан шетелдік инвесторлар еліміздің заңнамасына міндетті түрде бағынуға, әлеуметтік жауапты бизнеспен айналысуға тиіс. Мемлекет жергілікті тұрғындардан жоғары кәсіби білікті жұмысшыларды дайындау жүйесін құруға баса назар аударуға тиіс",- деді Д.Назарбаева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны