12.04.2013, 15:41 5584

Шетелдік ЖОО-ның студенттерін ауыстыру тек ҰБТ немесе ТКТ тапсыру арқылы ғана мүмкін болады

"БҒМ сәйкес құжатты дайындап қойды, онда осы жылдан бастап басқа мемлекеттің жоғарғы оқу орнынан ауысып, қазақстандық ЖОО-на түсу үшін сәйкес балмен не ұлттық тестілеу, не кешендік тестілеу сертификаты талап етіледі", - деп хабарлады С.Ерсалиев Primeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында.

Астана. 12-сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Білім және ғылым министрлігі құжат дайындады, соған сәйкес қазақстандық оқу орнына ауысқысы келетін шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері талапкерлерді кешенді тестілеуден (ТКТ) өтуге тиісті болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"БҒМ сәйкес құжатты дайындап қойды, онда осы жылдан бастап басқа мемлекеттің жоғарғы оқу орнынан ауысып, қазақстандық ЖОО-на түсу үшін сәйкес балмен не ұлттық тестілеу, не кешендік тестілеу сертификаты талап етіледі", - деп хабарлады

С.Ерсалиев Primeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында.

Сонымен қатар, ол осылайша шетелдік университеттер мен олардың филиалдарынан отандық жоғары оқу орындарына жеткілікті білім деңгейі жоқ студенттердің ауысы мүмкіндігі жойылатынын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны