24.07.2008, 13:15 1621

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде жаңа тағайындау жасалды

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде жаңа тағайындау жасалды

Өскемен. 24 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде жаңа тағайындау жасалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Иділғазы Бергеневтің бұйрығымен Шығыс Қазақстан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы болып Ольга Кузовлева тағайындалды. О. Кузовлева бұған дейін осы басқарманың бастығының орынбасары болған.

Ал аталған басқарманы басқарған Айтқазы Шерубаев жуырда облыс әкімінің бұйрығымен энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы болып тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны