21.05.2008, 13:21 2658

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің аппаратында кадрлік ауыс-түйістер болды

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің аппаратында кадрлік ауыс-түйістер болды

Өскемен. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің аппаратында кадрлік ауыс-түйістер болды . Бұл туралы агенттік тілшісіне ШҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Иділғазы Бергеневтың бұйрығымен Иван Белихин Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының бастығы қызметіне тағайындалуына орай, облыс әкімінің орынбасары қызметінен босатылды.

Қонысбай Төлеубеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының бастығы қызметінен босатылды.

Қайрат Жүсіпов басқа жұмысқа ауысуына байланысты облыс әкімі аппаратының жетекшісі қызметінен босатылды.

Бұдан бұрын ШҚО сәулет және құрылыс басқармасының бастығы болған Александр Ширшов Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметіне, бұдан бұрын Шығыс Қазақстан облысының салық комитеті төрағасы қызметін атқарған Ерлан Нұрланбаев тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны