26.05.2008, 16:31 2675

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында кадрлық өзгерістер жасалды

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында кадрлық өзгерістер жасалды

Өскемен. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында кадрлық өзгерістер жасалды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтар болсақ, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Иділғазы Бергеновтің бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық басқармасының бастығы болып Сәбит Төлеубаев тағайындалды. Ол бұған дейін облыстың ауыл шаруашылық департаментінің директорының орынбасары болып қызмет атқарған.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданының әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген Ермек Сәлімов Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы болып тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны