26.12.2008, 12:10 1574

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Өскемен. 26 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, облыс басшысының бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып Дәурен Бейсембаев тағайындалды.

Д. Бейсембаев 1964 жылы туған. 1999 - 2007 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облыстық транспорттық бақылау комитеті басқармасының бастығы болып істеген. 2007 жылдың ақпан айынан бері Глубоковский ауданының әкімі болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны