09.04.2015, 11:48 4327

Шығыс Қазақстан облысы аумағында жер сілкінді

Тербеліс эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 737 шақырым жерде Қазақстан аумағында болған

Астана. 9 сәуір. Kazakhstan Today - 8 сәуір күні кешкі сағат 20 сағат 10 минут кезінде жер сілкінісі болды. Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетініӊ Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесініӊ сейсмикалық стансалар желісі тіркеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тербеліс эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 737 шақырым жерде Қазақстан аумағында болған, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Жер сілкінісініӊ энергетикалық класы 9.8 болса, магнитудасы MPV 4.4, ал тереӊдігі 5 шақырымды құраған.

Сезілгендігі туралы мәліметтер бойынша Күршім кентінде 2-3 баллдық тербеліс сезілген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны