12.12.2012, 15:22 3113

Шығыс Қазақстан облысына БҰҰ делегациясы келді

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысына БҰҰ делегациясы келді. БҰҰДБ және ЮНИСЕФ резиденттері БҰҰ желісі бойынша өңірде жүзеге асырылатын бағдарламалардың орындалу барысын тексереді. Бұл жөнінде БҰҰ резиденті, Қазақстандағы БҰҰДБ-ның тұрақты өкілі Стивен Тулл айтып берді.

Өскемен. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысына БҰҰ делегациясы келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысына БҰҰ делегациясы келді. БҰҰДБ және ЮНИСЕФ резиденттері БҰҰ желісі бойынша өңірде жүзеге асырылатын бағдарламалардың орындалу барысын тексереді. Бұл жөнінде БҰҰ резиденті, Қазақстандағы БҰҰДБ-ның тұрақты өкілі Стивен Тулл айтып берді.

"Шығыс Қазақстан облысында БҰҰ мен ҚР Үкіметінің "Өңірлік жоспарлауға инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету" атты біріккен жобасы жүзеге асырылуда. Ол өте маңызды және тұрғындарды қамтитын аспектілер көп қырлы. Мысалы, өзін-өзі жұмыспен қамтитын халықты қоса алғанда өсіңкіліктің күшті әлеуетін көрсететін инклюзивті жобаларды сәйкестендіру. Аталмыш шара ШОБ үшін экономикалық табыспен қатар, ШҚО-ның әлеуметтік қорғалмаған халқының пайдасын да ескеретін инклюзивті бизнес-жобаларды қолдауға бағытталған. Мұндай жобалар бизнес пен аз қамтылған халық арасындағы өзара тиімді байланыстарды орнатуға мүмкіндік береді. Бұл ретте инклюзивті бизнес-жобалардың басымдығы тікелей табыс табуда және анағұрлым жоғары табыс табу ғана болып табылмайды. Бизнес үшін табыс жаңа клиенттер тартуда, жұмыспен қамтуды кеңейтуде және шикізат пен өнім жеткізу арналарын нығайтуда болып табылады. Табысының деңгейі төмен адамдар үшін басымдықтарға негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру, тұрақты пайда табу және анағұрлым жоғары өнімділікке қол жеткізу жатады. Мұндай үлгілер қаржылық тұрақтылығымен ерекшеленеді, баламалар жасайды және осы адамдарға кәсіпкерлер, жұмыскерлер және тұтынушылар ретінде құнын жасау тізбегіне қатысушы мүмкіндігін ұсына алады", - деді БҰҰ резиденті.

"Еуропа және ТМД бойынша БҰҰДБ өңірлік бюросы Орталық және Шығыс Еуропаның 28 елінде, бұрынғы Кеңес Одағы республикаларында, соның ішінде орталық Азия елдерінде жұмыс жасайды. БҰҰДБ-ның штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан, 22 елде кеңселері мен Братиславада өңірлік орталығы бар. Братиславадағы өңірлік кеңсе басқа кеңселерге БҰҰДБ ұсынатын саясатты жасау және қызмет көрсетуде қолдау көрсетеді. Қазақстанда біз бірнеше жылдан бері жұмыс жасап келеміз, ынтымақтастықтың барлық деңгейлерінде, әсіресе ШҚО әкімдігімен және өңір әкімінің өзімен өзара түсіністік табатындығымыз қуантады", - деп атап өтті С.Тулл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны