17.10.2007, 18:43 2690

Шығыс Қазақстан облысында 2008-2010 жылдарға арналған облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспарының жобасы әзірленді

Шығыс Қазақстан облысында 2008-2010 жылдарға арналған облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспарының жобасы әзірленді.

Өскемен. 17-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында 2008-2010 жылдарға арналған облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспарының жобасы әзірленді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Кәрібжанов облыс мәслихатының депутаттарымен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Жоспар Шығыс Қазақстанды дамыту мәселелеріне жүйелі көзқарас қалыптастыру мақсатында әзірленген", деп түсіндірді аймақ басшысы жоспар жобасын депутаттардың талқылауына шығыра отырып.

Ол, 2008-2010 жылдарға арналған болжау мәліметтері соңғы үш жылдағы экономиканың нақты секторын, инвестициялық саясат саласын, әлеуметтік саланы және инженерлік инфрақұрылымды талдау негізінде, республика бойынша болжанған интикаторларды ескере отырып белгіленген. "2008 жылғы негізгі параметрлерді келтіре кетейін. Мысалы, азық-түлік көлемін үстіміздегі жылғы деңгейден 9,1 пайызға өсіруді жоспарлап отырмыз. Жалпы ауылшаруашылық өнімдерінің көлемін 3 пайызға өсіріп, 89,9 млрд теңгеге, негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемін 12,7 пайызға өсіріп, 108,8 млрд теңгеге жеткізуді жоспарлап отырмыз",- деді Ж. Кәрібжанов. Ол сондай-ақ, орташа номиналдық жалақы 14,6 пайызға өсіп, 45 044 теңге көлемінде жоспарланғандығын хабарлады.

Орташа мерзімді жоспар аясында сондай-ақ дамыту бюджетінің көлемі құрылыс пен инженерлік инфрақұрылым және әлеуметтік сала нысандарын реконструкциялауға 21,5 млрд теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен 10,7 млрд теңге және жергілікті бюджеттен 10,8 млрд теңге белгінеген. "Бұл жерде егер 2008 жылы дамыту бюджетінің көлемі жергілікті бюджеттен 2 есеге дейін өссе, онда республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы 2 есеге азаятындығын атап өткен жөн. Бұл Семей қаласындағы 3-ші ЖЭО құрылысын концессиялық басқаруға беруге байланысты, яғни құрылыс шетелдік инвестиция есебінен жүргізіледі",- деп түсіндірді Ж. Кәрібжанов.

Ол сондай-ақ, бүгінде облыста 22 аймақтық бағдарламалар жүзеге асырылып жатқандығын және де қарастырылып отырған орташа мерзімді кезеңде осы тектес тағы 13 бағдарлама әзірлеу межеленген деп атап өтті.

"Жалпы, аталмыш жобаның параметрлері 2008 жылға арналған бюджетті жобалау үшін бастапқы негіз болып табылады, біз оны үстіміздегі жылдың аяғына дейін аяқтауға тиіспіз",- деп қорытындылады Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны