08.01.2008, 18:35 3954

Шығыс Қазақстан облысында 2008 жыл экология жылы болып жарияланды

Шығыс Қазақстан облысында 2008 жыл экология жылы болып жарияланды

Семей. 8-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында 2008 жыл экология жылы болып жарияланды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Шығыс Қазақстан облысында алғаш рет аймақтағы өзекті проблемалардың бірі - экология проблемасын шешу жөніндегі жүйелі және кешенді шаралар жоспарланып отыр",- деп хабарлады әкімшіліктегілер.

Үстіміздегі жылы "2008-2010 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау" атты аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру басталады, бұл тұрақты даму қағидасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау жүйесін құру процессін аяқтауды көздейді. Бағдарламаны қаржыландыру көлемі 150 млн теңгеден асып жығылады. Жалпы үстіміздегі жылы табиғатты қорғау шараларына 800 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалмақ.

Икімшіліктің хабарлауынша, "2007 жылы қоршаған ортаны ластаудан жиналған қаржының 99,3 пайызы табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыруға бөлінген болатын, бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады".

"Облыс орталығы Өскеменде аймақтың негізгі металлургиялық өнеркәсіп кәсіпорындары, бірқатар ірі жылуэнергетика нысандары жинақталған, көлік саны да жылдан жылға өсіп келеді. Сондықтан да Өскеменнің экологиясы билік органдары мен қоғамның басты назарында", деп атап өтті әкімшіліктегілер.

Өткен жылдың аяғында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкінің арасында (Өскемен қаласының қоршаған ортасын қалпына келтіру жобысы) несиелендіру туралы келісімге қол қою туралы" жарлыққа қол қойған болатын.

"Халықаралық қайта құру және даму банкі 24 млн 290 мың АҚШ доллары көлемінде қарыз бөледі, ол жер асты суының ластануы мен улы қалдықтардың Ертіс өзені мен қаланы ауыз сумен қамтамасыз ету көздеріне, тұрғын үй аудандары жағына көшуінің алдын алуға жұмсалатын болады. Сондай-ақ қаржы жергілікті муниципалдық және өнеркәсіптерден жер асты суларының ластануына бақылау қоюды қамтамасыз ету мақсатында су сапасына мониторинг жүргізу үшін институционалдық механизмдерді күшейтуге жұмсалады",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, облыста атмосфера сапасына телеметрикалық мониторинг жүргізуді жүзеге асыратын "Мөлдір аспан" атты кәсіпорын құрылуда. Облыс басшылығы алғаш рет қоршаған ортаны қорғау саласында табиғатты пайдаланушы кәсіпорындармен меморандумға қол қою тәжірибесін қолдануда, олар Өскемен қаласында Экологиялық парк құруға қатысуға дайын.

2007 жылы көліктердің зиянды газ бөлуін төмендету мақсатында облысқа жеткізілетін жанармай сапасына бақылау қоюды қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен 4 млн теңге бөлінген. "Бір жыл ішінде тиісті норма талаптарына сай емес 12 жанармай партиясы анықталған. 2008 жылы облысқа тасымалданатын жанармай сапасына бақылау қоюды қамтамасыз етуді қаржыландыру көлемі 4,5 есеге өскен",- деп хабарлады әкімшіліктегілер.

Үстіміздегі жылы қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді одан әрі жүргізу жоспарланған. Сондай-ақ табиғат ресурстарын пайдаланудың; экологиялық мәліметтерді жинау және оған талдау жүргізу процесстерін автоматтандыру арқылы мониторинг жүргізудің аймақтық жүйесін жетілдірудің; қоршаған ортаның құрамдас бөліктерінің жағдайына мониторинг жүргізудің автоматты станциясын және телеметрикалық бақылау жүйесін дамытудың; маңызды экологиялық проблемаларды шешуге қаржы бөлудің тиімді кестесін әзірлеу жүргізілетін болады.

Аймақ экономикасын экологизациялау аясында бірқатар шаралар әзірленуде, атап айтқанда облыстағы өндірістердің қуат және ресурс тиімділіктерін арттыру, энергияның балама қайнар көздерін дамыту; облыстағы кәсіпорындарды экономикалық тұрғыдан қоршаған ортаны қорғауға ынталандыру, өндірістердің экологиялық тұрғыдан сенімділік деңгейін көтеру, экологиялық аудит процедураларын енгізу; экологиялық бейтарап өндірістер мен жергілікті экологиялық бағытталған және орташа қорғалған технологияны дамыту, шағын және орташа бизнес кәсіпорындарының іс-қызметінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, деп қорытындылады әкімшіліктегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны