06.04.2007, 11:47 1927

Шығыс Қазақстан облысында 23 сыбайлас жемқорлық қылмыстары әшкереленді

СЕМЕЙ. 6-сәуір. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында 23 сыбайлас жемқорлық қылмыстары әшкереленді. Оның басым бөлігі Семейдегі орта мектептердің директорларының үлесінде. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Шығыс Қазақстан облыстық басқармасы хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеңестің отырысында 23 тәртіптік іс қаралды. Оларды қаржы полициясы ҚР "Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі" заңын бұзу деректері бойынша қозғаған. Соның ішінде 17 тәртіптік іс білім беру саласы қызметкерлеріне, оның 15-і орта мектептердің директорларына қатысты болды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін оларға сөгіс жарияланды.

Сонымен бірге ҚР "Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі" заңының талаптарын бұзғаны үшін Риддер қалалық мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау қызметі басқармасының бас маманына, кедендік бақылау департаментінің бас маманына, Абай аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісіне, тағы осы аудандағы Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектептің директорына сөгіс жарияланды.

Бұған қоса ҚР "Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі" заңының нормалары мен ҚР мемлекеттік қызметкерлерінің ар-ұждан кодексінің талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік кеңес Семей қалалық білім беру бөлімінің меңгерушісінің атқарып отырған қызметіне толық сай келмейтіндігі ескертілді. Кеңес Семей қаласының әкімі Мейрамхат Айнабековке білім беру саласын жауаптанатын өзінің орынбасарына жазбаша ескерту жасап, біәлім беру саласы органдарының жұмысына қатаң бақылау жасау және қаржы полициясының таныстыруын қарау қорытындысы бойынша арнауклы кеңес өткізу қажеттігін қаперге салуға нұсқау берді.

Сонымен бірге тәртіптік кеңестің мәжілісі барысында Күршім ауданындағы мемлекеттік мекемелерге жүргізілген кешенді тексерудің қорытындысы сараланды. "Аудандағы 25 мемлекеттік мекемеде тексеру нәтижесінде 57 заң бұзу дерегі анықталды. Соның ішінде бос әкімшілік лауазымға адам тағайындауға байқау өткізу ережелерін бұзуға қатысты 12, мемлекеттік қызметкерлерді аттестациялау ережелерін бұзуға қатысты 12, тәртіптік айып салу ережелерін бұзуға қатысты 4, мемлекеттік қызметкерлерді қайта оқыту және кәсіби біліктілігін көтеру ережелерін бұзуға қатысты 16, ҚР "Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі" заңының басқа да нормаларын бұзуға қатысты 16 деректің беті ашылды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны