22.04.2008, 17:17 3223

Шығыс Қазақстан облысында 30 ондатрды заңсыз аулаған браконьер ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында 30 ондатрды заңсыз аулаған браконьер ұсталды

Семей. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында 30 ондатрды заңсыз аулаған браконьер ұсталды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық ІІД табиғат қорғау және мал дәрігерлік полициясының бөлім бастығы Батырхан Сүлейменов хабарлады.

Браконьер Үржар АІІБ қызметкерлерінің табиғи ресурстар департаментінің оперативтік тобы инспекторларымен бірлесе жүргізген рейді кезінде ұсталды. "Рыбачье ауылының 56 жастағы тұрғыны Алакөлде ұсталып, одан 30 ондатр тәркіленді", - деді Б. Сүлейменов.

Оның айтуынша, шығын көлемі 175 мың теңгені құраған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны