11.05.2007, 16:17 3057

Шығыс Қазақстан облысында 600-ден астам тұтынушы төрт тәулік бойы жарықсыз қалып отыр

ӨСКЕМЕН. 11 - мамыр. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында боран салдарынан 600-ден астам тұтынушы төрт тәулік бойы жарықсыз қалып отыр, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Облыстық төтенше жағдалар департаментінің баспасөз қызметінен.

"Шығыс Қазақстан облысында 8-мамырда басталған жел салдарынан осы уақытқа дейін 600-ден астам тұтынушы жарықсыз қалып отыр",- деді департаменттегілер.

Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысында екпіні секундына 28 метрге дейін жеткен дауыл электр тасымалдау желілерін үзіп, ағаштарды құлатып, ғимараттардың шатырларын ұшырып әкеткен болатын.

Ең көп зардап шеккен Абай, Жарма , Бесқарағай, Шемонаиха аудандары, сонымен қатар Өскемен мен Семей қалалары болап табылады. Атап айтқанда, баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Абай ауданында әкімшілік ғимаратының, Абай және Шәкәрімнің атындағы мұражайдың және де Ибенов атындағы мектептің шатырлары қираған. Бесқарағай ауданындағы орта мектептің спорт және акт залдарының ғимараттарының, Березовка ауылының шебер мектебінің шатырлары жөндеуді қажет етеді. Семейде 12 тұрғын үйдің шатырлары, Ұлы Отан соғысына қатысқандадың ескерткіші, ауыл әкімшілігінің шатыры және Степной ауылының Мәдениет үйінің шатырлары бүлінген.

8-мамырда 16 мыңдай тұтынушы жарықсыз қалған болатын. Боран салдарын жоюға Шығыс Қазақстан АЭК құрамында 226 адам бар, 58 бригадасы жұмылдырылған болатын. "Екі күннен кейін жарық берілген, бірақ осы күнге дейін, - деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен,- электр қуатына Жарма ауданының тұтынушылары қосылмай отыр: онда 619 адам жарықсыз қалған".

Қазіргі уақытта табиғат апатының салдарын жоюмен 30 ға жуық адам жұмыс істеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны