21.10.2008, 17:52 2950

Шығыс Қазақстан облысында ағымдағы жылдың аяғына дейін жаңа жеті мектеп пайдалануға беріледі

Шығыс Қазақстан облысында ағымдағы жылдың аяғына дейін жаңа жеті мектеп пайдалануға беріледі

Семей. 21 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында ағымдағы жылдың аяғына дейін жаңа жеті мектеп пайдалануға беріледі, деп хабарлайды агенттік тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шығыс Қазақстан облысында ағымдағы жылдың аяғына дейін Үржар, Көкпекті, Бесқарағай, Абай, Ұлан, Тарбағатай аудандары мен Семей қаласында 3102 орынға есептелген жаңа жеті мектеп пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, 2009 жылы жеті денсаулық сақтау нысанын салып бітіру жоспарланған",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны