28.03.2007, 10:32 2782

Шығыс Қазақстан облысында алқа билердің қатысуымен бірінші сот мәжілісі өтті

ӨСКЕМЕН. 28-наурыз. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында кеше алқа билердің қатысуымен бірінші сот мәжілісі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Мәжіліс алдында алқа би болудан үміткер 42 адамнан 11 адам іріктелді, олардың тоғызы жұмыс істесе, екеуі запаста болмақ.

Агенттік тілшісінің хабарлауынша, іріктеу процедурасы арнайы жабдықталған залда сотқа шақырылған барлық жақтар - айыпкерлер, олардың адвокаттары мен жәбірленушілердің қатысуымен өтті.

"Біз қарайтын іс облыстық соттың деңгейі үшін қарапайым іс болып табылмайды. Біріншіден, айыптар көлемі ауқымды, екіншіден, оған басқа қылмыстармен қатар айыпкер орындығында отырған қыздың қатысы бар деп саналған төрт кісі өлтіру қылмыстары да қамтылады",- деді облыстық прокурор Хаким Күшқалиев.

Процесс жоғарғы санаттағы судья Дания Қисықованың басқаруымен және екінші судья Болат Загиевтің қатысуымен 4-сәуірге дейін созылады. Шығыс Қазақстан облыстық прокуроры Х.Күшқалиев айыптаушы болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны