02.05.2007, 14:22 3155

Шығыс Қазақстан облысында Алматыдан келіп, аю өлтірген екі браконьер ұсталды

СЕМЕЙ. 2 - мамыр. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында Алматыдан келіп, аю өлтірген екі браконьер ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің бастығы Лариса Поломошнова хабарлады.

Оның ақпараттарына сүйенсек, Көкпекті АІІБ табиғатты қорғау бөлімшесінің қызметкерлері жол полициямен бірлесе отырып Казанков өткелінде Алматы тұрғыны басқарған " Тойота Ланд Крузер" көлігін тоқтатқан. "Көліктің жүк салғышын тексеру барысында полицейлер рұқсат беретін құжатсыз атылған аюдың терісін, басын және 14 кг етін тапқан",- деп түсіндірді Л. Поломошнова.

Сонымен қатар, полицейлер көліктен екі карабин, навигатор, екі рация тапқан. "Сұрау барысында алматылықтардың Шығыс Қазақстан облысына демалуға, заңды айналып өтіп - лицензиясыз аң аулауға келгендігі белгілі болды",- деді баспасөз қызметінің бастығы.

Браконьерлер құрықталып, полиция бөліміне әкелінді. Заттай дәлелдер тәркіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны