06.09.2016, 10:38 2327

Шығыс Қазақстан облысында "Алтай - түркі әлемініӊ алтын бесігі" ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді

Қазақстан археологиясына арналған аталмыш конференция Өскемен қаласы күнін мерекелеу аясында 9 қыркүйек күні өткізіледі.

Өскемен. 6 қыркүйек. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысыныӊ әкімі "Алтай - түркі әлемініӊ алтын бесігі" ғылыми-тәжірибелік конференциясыныӊ ұйымдастыру жұмыстары бойынша кеӊес өткізді, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.

Қазақстан археологиясына арналған аталмыш конференция Өскемен қаласы күнін мерекелеу аясында 9 қыркүйек күні өткізіледі.

Ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына отандық ғалымдармен қатар, Ұлыбритания, Ресей, Венгрия және Түркия мемлекеттерініӊ ғалымдары қатысады.

9 қыркүйек күні Металлургтер мәдениет сарайы алдында бес тақырыптық киіз үй орнатылатын болады. Олар Берел қорғанындағы және Шілікті жазығындағы қазба жұмыстарына, Ұлан ауданыныӊ Аблайкит қамал-монастріне, Абай ауданындағы Қырық үӊгір ескерткішіне, Тарбағатай ауданындағы Елеке сазына арналатын болады.

Келесі күні конференцияға қатысушылар № 2 Берел қорғанындағы ашық аспан астындағы мұражайымен танысады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны