21.12.2007, 13:56 2857

Шығыс Қазақстан облысында балалар үйі ашылды

Шығыс Қазақстан облысында балалар үйі ашылды

Семей. 21 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының Шульбинск кентінде балалар үйі ашылды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Семей әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Бұл Шығыс Қазақстан облысындағы ең ірі балалар үйі", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Балалар үйін салуға арналған 168 млн теңге көлеміндегі қаржы облыстық бюджеттен бөлінген.

"Мекеме 160 орынға есептелген және алты жеке корпусы, салтанат залы, кітапхана, музыкамен және гимпастикамен шұғылдану залы, асханасы бар", - деді балалар үйінің директоры Роза Ибраева.

Сонымен бірге балалар үйінің жеке бу қазандығы, шаштаразы, тім емдеу кабинеті, монша және кір жуу орны, шеберханалары бар шаруашылық блогы, гараж, автожөндеу шеберханасы, қоймалары бар. Балалар үйінің жанында сонымен бірге оқыту жылыжайы мен зоологиялық бұрыш жұмыс істейді.

Р.Ибраеваның айтуынша, балалар үйіне бөлінген жер телімі 20213 шаршы метрді құрайды.

"Бұл балалар үйінде Шығыс Қазақстан облысының түкпір-түкпірінен келген балалар жиналды. Біз енді балалар өздерін біртұтас отбасы ретінде сезінуі үшін және бұл жерді өз үйлеріндей сезінуі үшін оларды бір-біріне жақындастыра түсуіміз қажет", - деді Р.Ибраева.

Балалар үйінің ашылу рәсіміне облыс әкімі Жәнібек Кәрібжанов қатысты. Ол мекемеге компьютерлік класс сыйлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, облыс бойынша қазір 10 балалар үйі жұмыс істейді, оларда 2 мыңнан астам бала тәрбиеленеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны